http://kz.astana.kz
 

 

 

Астананың 12 жылдығын мерекелеуде Сіз қандай шараларға бара алдыңыз?
  
Ауа райын болжау
Астана
31/07 Сн
күн
http://kz.astana.kz29..31 °C
733 мм
СШ, 2-4м/с
01/08 Жк
кеш
http://kz.astana.kz17..19 °C
732 мм
ОШ, 0-2м/с
 

Күнделік

Жаңалықтар

БҰҰ адамның таза суға қол жеткізу құқығын бекітетін резолюция қабылдады  
 Шіл 30 2010

БҰҰ адамның таза суға қол жеткізу құқығын бекітетін резолюция қабылдады

 

Мәскеу. Шілденің 29-ы. БҰҰ Бас ассамблеясы адамның таза суға және тазалыққа қол жеткізу құқығын бекітетін резолюция қабылдады, деп хабарлайды британдық «Би-би-си» телерадиокорпорациясы.

Toyota Motor Lexus автомобильдерін 2010 жылы 5 рет қайта шақыртып алды  
 Шіл 30 2010

Toyota Motor Lexus  автомобильдерін 2010 жылы 5 рет қайта шақыртып алды

 

Торранс. Шілденің 29-ы. Әлемдегі ең ірі автомобиль шығарушы компаниялардың бірі Toyota Motor Corporation (TMC) 2010 жылғы  Lexus автомобильдерін 5-ші рет қайтарып алу жөнінде шешім қабылдағанын жариялады.

GSM Қазақстан/Kcell Астанада 4G желісіне арнап алғашқы базалық станцияны іске қосты  
 Шіл 30 2010

GSM Қазақстан/Kcell  Астанада 4G желісіне арнап алғашқы базалық станцияны іске қосты

 

Астана. Шілденің 29-ы. GSM Қазақстан/Kcell (Kcell, Activ, Vegaline сауда маркаларын ұсынушы) қазақстандық ұялы байланыс операторы Астанада төртінші буындағы ұялы байланысқа негізделетін Long Term Evolution (LTE) алғашқы базалық станциясын іске қосты деп хабарлайды компания өкілдері.

Елордада жеке құрамында 3 556 адам бар азаматтық қорғаныстың 180 аймақтық жасағы құрылды - Астана қаласының ТЖД  
 Шіл 29 2010

Елордада жеке құрамында 3 556 адам бар азаматтық қорғаныстың 180 аймақтық жасағы құрылды - Астана қаласының ТЖД


Астана.  Шілденің  28-і. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының жетекшісі Сейітқажы Оқасовтың басшылығымен жартыжылдықтың қорытындылары бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы жабылды  
 Шіл 29 2010

Жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы жабылды


Астана.  Шілденің  28-і. Жөндеу жұмыстарына байланысты  Астананың   бірнеше көшесінде көлік қозғалысы  жабылды.

Қазақстан ІЖӨ өсімі бірінші жартыжылдықта 8 пайызды құрады – Экономикалық даму және сауда министрі  
 Шіл 27 2010

Қазақстан ІЖӨ өсімі бірінші жартыжылдықта 8 пайызды құрады – Экономикалық даму және сауда министрі

 

Астана. Шілденің 27-сі. Қазақстан экономикасы 2010 жылдың қаңтар-маусым айларында 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, 8 пайызға өсті, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.

Қазақстанда «Вена Еуропаның жүрегі» атты байқау басталды  
 Шіл 27 2010

Қазақстанда «Вена Еуропаның жүрегі» атты байқау басталды

 

Астана. Шілденің 27-сі. Қазақстанда «Вена Еуропаның жүрегі» атты викторина-байқау басталды.

Қазақстанда басталған полицияның “Зорлықсыз жанұя” акциясының символы көк лента болды  
 Шіл 27 2010

Қазақстанда басталған полицияның “Зорлықсыз жанұя” акциясының символы көк лента болды

Астана. Шілденің 26-сы. Қазақстанда дүйсенбіде “Зорлықсыз жанұя” акциясы басталды.

Биыл бірінші жартыжылдықта энергия өндіруші ұйымдар 30 млрд. теңгеден астам инвестицияны игерді  
 Шіл 23 2010

Биыл бірінші жартыжылдықта энергия өндіруші ұйымдар 30 млрд. теңгеден астам инвестицияны игерді

 

Астана. Шілденің 23-і. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында энергия өндіруші ұйымдар 30 млрд. теңгеден астам инвестицияны игерді.

ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорны филиалдарының өндірістік тауарлар көрмесі өтуде  
 Шіл 23 2010

ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорны филиалдарының өндірістік тауарлар көрмесі өтуде

 

Астана. Шілденің 23-і. Бүгін елорда әкімдігінің ғимаратында Астана қалалық кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының көмегімен ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорны филиалдарының өндірістік тауарлар көрмесі өтуде.

Астана фотогалереясы

Басты аңдатпалар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  

 

ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ –
ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ –
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


Құрметті қазақстандықтар!


Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Астана қаласының әкімі И.Н. Тасмағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуінде оқыған баяндамасы  

04.02.2010ж.

Қайырлы күн
қадірлі қауым, ардақты астаналықтар!


Өздеріңізге мәлім, күні кеше Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауын жария етті. Биылғы Жолдаудың мәні де, мағынасы да ерекше. Елбасы алдағы он жылдықтың жарқын жобалары мен жоралы жоспарларын «тайға таңба басқандай» белгілеп берді. Бұл - жаңа әлеуметтік-экономикалық өрлеудің айғағы, жаңа мүмкіндіктерге бастар жолдың бағдары.

Еңбектен ертеңге қарай  

23.07.2010ж.

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің фойесі Қазақстанның түкпір-түкпірінен әкелінген камуфляждық костюмнен бастап жайдақ орындыққа дейінгі әр түрлі тауарлар қойылған көрме залына айналды. Барлығын байланыстыратыны – олар темір тордың ар жағындағылардың қолымен жасалған. ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелері баға мен сапа ара-қатынасына қол жеткізуге болатынын көрсетті. Сондай-ақ, осы өнімдердің тағы бір артықшылығы бар – неғұрылым қамаудағы адамдар жұмысқа көбірек тартылса, бостандыққа жаңа мамандық игеріп шыққан соң оларға соғұрылым қоғамға бейімделуі тез әрі оңай жүреді.

Тағы мың бала балабақшаға барады  

21.07.2010

Жуық күнде тек студенттер мен мектеп оқушылары ғана емес, кішкентай балғындар үшін де жаңа оқу жылы басталады. Мектепке дейінгі білім беру - ол да білім берудің маңызды тармағы. Ең маңыздысы болуы да мүмкін, себебі алғашқы тәртіпке үйрену тәжірибесі, ұжым ішіндегі қарым-қатынас, алғашқы әріптер, алғашқы буындарды үйрену - осыдан басталады. Енді тағы 1040 балақай балабақшаға баратын болады, өйткені 4 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға беріледі.

Денсаулық кепіліне айналар жасыл белдеу  

20.07.2010ж.

Астана айналасында «жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда. Жас елорданы мамандар 2015 жылдың аяғына дейін әдемі «сақинамен» қоршауды жоспарлап отыр. Елбасы Қазақстанның жас елордасының айналасында жасыл орман белдеуін қалыптастыру міндетін қойған кезде осындай топыраққа бірнәрсе егуге болады дегенге сенетін адамдар аз болған. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов өткізген елорданың жасыл белдеуін дамытуға арналған көшпелі кеңес барысында орман Астананың өзі секілді қарқынды өсіп келе жатқанына көзіміз жетті.

«Алтын сапа» үздіктерді анықтайды  

19.07.2010ж.

"Қандай да бір нәрсенің сапасын бағалау үшін сол сапаның біршама бөлігі өзіңде болу қажет"

У. Шекспир


Өнім сапасы – кез-келген кәсіпорын қызметінде сәттіліктің бастауы ғана емес, ол мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі тиімділік мәселесі болып табылады. Оның үстіне Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргелі тұрған Қазақстан үшін өнім сапасын көтеру мәселесі өзекті болып табылады. Отандық тауар өндірушілер мен қызмет ұсынушылар үш жылдан бері «сапа саласындағы жетістігі үшін» және «Алтын сапа» көрме-конкурсында Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығы үшін сарапқа түсіп келеді.  Бүгіннен бастап, елордалық компаниялар өңірлік іріктеу турына қатысуға өтініштерін бере алады.

Қажымұқан (Мұңайтпасов) көшесіндегі жол жабылады  

15.07.2010ж.

Астанада 2010 жылдың 16 шілде мен 15 қазан аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Қажымұқан (Мұңайтпасов) көшесі бойында Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде жолдар жабылады, бұл жөнінде бейсенбі, 15 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы Рашид Аманжолов журналистерге мәлімдеді.

Қош келдің, балақай!  

13.07.2010ж.

Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов балғындарды қабылдауға дайын жеті балабақшаға барып, аралап көрді. Оның екеуі «қайтарылып алынған» балабақшалар. Бұл ғимараттардың бірінде жақында ғана әскери комиссариат, ал екіншісінде әскери бөлім болған болатын. Астана, сөзсіз, Жер шарындағы ең бейбіт қалалардың бірі. Ал мұндай пацифизмнің пайда болуына мектеп жасын толтырмаған балалар мен олардың ата-аналары да сондай қуанышты.

«Чек талап ет те – автомобиль ұтып ал»  

12.07.2010ж.

2010 жылғы 9 шілдеде Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында 100 тұрмыстық техника мен бас жүлде – 2010 жылы Қазақстанда жиналған «Шкода Октавиа» автомобилінің ойналымы болып өтті.

Ойналымның өту барысын Астана қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алпысбеков Қуаныш Махмұтұлы басқарған Тираж комиссиясы қадағалады.

10 күнде – 72 мың!  

11.07.2010ж.

Ағайынды Гримдердің ертегісіндегі батыл тігіншінің «Мені демейді текке күшті – жетеуі бір соққымен ұшты» деген сөздері естеріңізде шығар. Дәл сол секілді, мереке қарсаңында және мереке кезіндегі біздің сайтқа кірушілер санын естігенде кез-келген алыптың таңданыстан аяғында тік тұра алмасы анық. 27 маусым мен 7 шілде аралығында www.astana.kz сайтына 71 878 адам кірген. Кірушілер санының үнемі өсіп отыруы кез-келген интернет ресурстың жұмысының жағымды көрсеткіші болып табылады. Сайтқа кіру саны, яғни онда орналастырылған ақпараттың сұранысқа ие болуы бір жағынан, біздің жұмысымызға берілген баға болса, екінші жағынан, Астанада болып жатқан оқиғалар мен іс-шараларға деген қызығушылықтың белгісі.

Азаматтарды тіркеу тізімдері енді төрт санат бойынша жүзеге асырылады  

10.07.2010ж.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  74 бабына сәйкес, Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтермен қамтамасыз етілуі тиіс азаматтардың тіркеу тізімін біздің сайтта жариялайды. Сіз бұған дейін де осы электронды қызметтің көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болған едіңіз.

Діні бір, тілі бір, ділі бір бауырлас халықтар тұлғаларын осылай құрметтейді  

26.06.2010ж.

Газеттің кешегі нөмірінде хабарлағанымыздай, 24 маусымда Түркия астанасы Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды. Салтанатты рәсімде Анкара қаласының мэрі Мелих Гөкчек, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Таланттарға жол ашар Сарай  

23.06.2010ж.

Астанада жас қазақстандықтарды сан алуан өнер әлеміне баулитын тұңғыш Ұлттық өнер университеті құрылады.  Университет үшін арнайы асқан шеберлікпен сәулетті ғимарат соғылған. Ол – «Шабыт» сарайы деп аталады. Сарайдың іші концерт залы, көркем және шығармашылық залдары, балет класстарымен бөлінген.

Қазақстан халқына жасалған құрмет  

22.06.2010ж.

Амман қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы даңғыл салтанатты түрде ашылды Иордания Хашимиттік Корольдігінің Амман қалалық муниципалдық кеңесі Амман қала-сының бір көшесіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  есімін беру туралы шешім шығарған болатын.

Кеше Амман қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар-баевтың құрметіне берілген даңғылдың ресми ашылу салтанаты болды. Салтанатты рәсімге Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастаған, құрамында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары – сенатор Қуаныш Сұлтанов, мәжілісмен Кенжеғали Сағадиев, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бар қазақстандық делегация және Амман қаласының басшылары, Иордания Парламентінің депутаттары, Корольдіктің жауапты қызметкерлері, осы елде тіркелген бірқатар шетел елшілері, сондай-ақ Амман қаласының тұрғындары қатысты.

Астана төрінде ұлы Абайға ескерткіш орнатылды  

19.06.2010ж.

Астанада қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбаевқа салтанатты түрде ескерткіш ашылды. Ол Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ғимараты алдында Абай және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында, елордалықтардың сүйікті демалыс орны болып табылатын ескі алаң алдында орналасқан.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Абай өткен күн мен бүгіннің көрінісі: оның сөзі мәңгі, ал ұрпақтарына қалдырған мұрасы халық жадында жүздеген жылдар бойы сақталады, деп атап өтті.