http://kz.astana.kz
Басты arrow Жаңалықтар мұрағаты
Қыркүйек айы 2008 жылғы бойыншамақалалар мұрағаты

Астанада қаржы нарығының тұрақсыздығы жағдайындағы тұрғын үй құрылысы көлемінің өсу көрсеткіштері сақталған.  Бұл жөнінде елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендерін тексеру барысында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстан үкіметінің құрылыс компанияларға көрсеткен қолдауының нәтижесінде Астанада құрылысы аяқталған тұрғын үй кешендерінің саны көбейіп келеді.

Сенбі күні осындай ірі тұрғын үй кешенінің бірі – «Шаңырақ-2» пайдалануға берілді. Салатанатты рәсімге ҚР Премьер-министрі  Кәрім Мәсімов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник қатысты.