Қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болды. 1863 жылдың 16 шілдесінде Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланды. 1960 жылғы желтоқсанда қала Қазақстанның барлық солтүстік облыстары кіретін Тың өлкенің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді. Әкімшілік мағынасы, яғни Қазақстан Республикасының елордасы мен өзінің қазіргі Астана атауын қала 1998 жылы алды.
Шаһар Сарыарқаның солтүстігінде Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан Еуропа мен Азияны байланыстыратын орталық болып саналады. Астана бүгінгі күнде де автокөлік, теміржол жолдарын және әуе сызықтарын қосып тұрған ірі көліктік түйін.
Қала халқының саны:
653,8 мың адам (2009 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш)
Астананың аумағы:
72,2 мың га. (2009 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіш)
Телефон коды:
Қазақстан бойынша қалааралық коды – 7172
Халықаралық – 107 – 7172
Астана Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Қала аймағының бет-бедері тегістелген. Қаланың ауа-райы қатты континенттік. Қысы – суық, ұзақ, қары аз, кейбір жылдары қақаған суық. Жазы – біркелкі қуаң, ыстық, құрғақ ауа-райымен сипатталады. Шілденің орташа температурасы - +20 С. Ең жоғары температура (+30 С және одан да көп) шілде айында шамамен 11-12 күнге созылады. Қаланың гидрографиялық жүйесіне Есіл өзені және оның қала ішінен өтетін кебуге шақ қалған Сарыбұлақ пен Ащылыөзен атты өзен тармақтарынан тұрады. Астана айналасының 25-30 км радиусында көптеген тұщы және ащы көлдер бар.
Астананың басты су жолы қатынасы - Есіл өзені оның оңтүстік жағымен өтеді және өз бастамасын Қарағанды облысындағы Ниаз тауларының (Қазақстандық ұсақ шоқылардың солтүстік бөлігі) қайнарларынан алады. Өзеннің қайнар көзінен сағасына дейінгі жалпы ұзындығы 2450 км құрайды. Сумен жабдықталу және суарылатын егін шаруашылығын дамыту үшін 1965-1970 жж. қаладан 70 км жерде Есіл өзенінде су қорлары 410,9 млн.м3 толық көлемді құрайтын Вячеславское (қазір Астаналық) су қоймасы құрылған болатын.
Астана сарғылт топырақты, құрғақ, бетегелі дала зонасында орналасқан. Топырақтық жамылғысы өнімділігі жағынан құнарлы емес. Қазіргі уақытта жергілікті топырақ пен ауа-райына бейімделген ағаш және бұтақ тұқымдарымен астананы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2009 жылдың 1 қаңтардағы көрсеткіштерге сәйкес орман қорының аумағы 16,5 мың га құрады.
Астана шекарасында автожолдар құрылысы үшін жер, құм – қиыршық тас қоспаны, ұсақталған тасты, силикатты кірпіш және т.б. жасау арқылы құмды өңдейтін 18 кен орыны бар. 2009 жылдың басындағы мәліметтер бойынша А+В+С1 категориясының жиынтығы 12960,5 мың.м3 құраса, ал С2 категориясы 4265,8 мың.м3 тұрады.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:
Қалада 70-тен астам ірі заңды тұлғалар, 69,8 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.
Өнеркәсіп:
Облыстағы өнеркәсіпті дамыту саласы ауылшаруашылығымен және ауылшаруашылық шикі затын қайта өндірумен байланысты болды. 2009 жылдың қаңтар-сәуір айларында елорда кәсіпорындары өткен жылдың сәйкес кезеңінен 89,7% құрайтын 30 825,2 млн.теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарды. Сондай-ақ, азық-түлік тағамдарын өндіру көлемі өсті: макарон және ұннан жасалған өнімдер – 62,3%, торт және кондитер өнімдері – 40,6%, кептірілген нан мен печеньелер – 84,8%, минералды және газдандырылған сулар – 8,0%. Сыр мен ірімшік – 56,2%, жаңа піскен нан – 17,3%, сүт пен қаймақ – 85,6%, йогурт – 85,9% өндірістері төмендетілді.
Астанада жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді байланыстар жүргізіліп, сыртқы экономикалық қызмет белсенді даму үстінде.
Құрылыс:
Астана құрылыс қарқындылығы бойынша республикада бірінші орында. 2009 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін 664 981,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, ол өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 34,7% көп. Соның ішінде мүліктің 15 452 мың шаршы метрі мемлекеттік меншік категориясына, 649 529,0 мың шаршы метр – жекеге жатады. Күрделі құрылыс секторында көрсетілген кезеңде 10 487,2 млн. теңге игерілді.
Көлік:
Қазақстан астанасының негізгі көлігі - қалалық автобустар. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар қалада “Астана” халықаралық әуежайы, темір жол вокзалы мен автовокзал бар. Жыл басынан бері көліктің барлық түрлерімен (темір жолдан басқа) 2 375,8 млн. жолаушы тасымалданған.
Телекоммуникация жүйелері маңызды дамуға ие. Жаңа АТС пайдалануға берілді, GSM-байланыстары мен спутниктік телевизиялық антенналары қолданылуда, телекоммуникацияның кешенді орталықтары жұмыс істейді.
Халықтың жұмыспен қамтылуы:
2009 жылдың 1 сәуірінде жұмыспен қамтылған халықтың саны (орта және ірі кәсіпорындар бойынша 50 адамнан астам) 183,3 мың адамды құрады. Жұмыссыз 4 529 адам тіркелген, берілген кезеңде экономикалық белсенді халыққа шаққанда жұмыссыздар деңгейі 1,3% құрады. Жұмыспен қамту қызметіне 5 940 адам келген. Жұмыс берушілердің мәлімдемелері бойынша 1 715 адам жұмысқа орналасқан. Қоғамдық жұмыстарға 600-ден астам адам жіберілген.
Әлеуметтік қорғау:
1 мамырдың көрсеткіштеріне сәйкес, 40 247 адам жасы бойынша зейнетақы алады, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны – 14 718 адам, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны – 21 800 адам, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны – 610 адам, бала тууы бойынша бір реттік жәрдемақыны – 1 790 адам, бір жасқа дейінгі баланы күту бойынша мемлекеттік жәрдемақыны – 4 328 адам алады.
Бір қызметкердің орта айлық номиналды жалақысы 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 90 059 мың теңгені құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден 12,7% астам.
Білім беру мен денсаулық сақтау:
Астанада білім беру мекемелерінің кең жүйесі бар. Қалада 14 ЖОО қызмет етеді, олардың 10 - жеке. 67 807 оқушы білім алатын жалпы білім беру мектептерінің саны 76 бірлікті құрайды.
Сонымен қатар оқушылар саны 2 211 адамды құрайтын 12 мемлекеттік емес мектептер қызмет етеді. Қала аймағында – 24 колледж, 5 кәсіби техникалық мектеп, 60 астам бала бақша бар. Білім беру үдерісіне ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде. Жалпы білім беру мекемелерінің компьютерлермен қамтамасыз етілу деңгейі орта республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары.
Қаланың денсаулық сақтау жүйесінде 21 ауруханалық мекеме (4 652 төсек орынды) және 34 дәрігерлі амбулаторлы-емханалық көмек мекемелері (аурухана және диспансерлердің емханалық бөлімдерін қоса) бар.
Астана – бұл қаланың жақсы тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырған, инженерлік инфрақұрылымы, көлік жүйесі, коммуналды шаруашылығы мен тұрғын үй қоры, әлеуметтік нысандар жүйесі дамыған қазіргі заманғы ірі мегаполис.
_____________________________________________________________________________
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2010 жылдың сәуір бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2010 жылдың ақпан бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2010 жылдың қантар бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2009 жылдың қантар-желтоқсан бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2009 жылдың қантар-қазан бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2009 жылдың қантар-қазан бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2009 жылдың қантар-қыркүйек бойынша (басып шығару)
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорты 2009 жылдың қантар-тамыз бойынша (басып шығару)