http://kz.astana.kz
Ауа райын болжау
Астана
31/07 Сн
күн
http://kz.astana.kz29..31 °C
733 мм
СШ, 2-4м/с
01/08 Жк
кеш
http://kz.astana.kz17..19 °C
732 мм
ОШ, 0-2м/с
 
Басты arrow Астана әкімдігі arrow Қала аудандары arrow Алматы ауданы
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

  • Аудан 1998 жылдың 6 мамырында құрылған
  • Көлемі –  21 054 га
  • Халық саны – 293,4 мың. адам
  • Ауданда 5 елді мекен орналасқан.

 

«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме туралы Ереже - басып шығару

 

Мекенжайы: Астана қаласы,  8/1 үй.

 

Телефондары:

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі  +7 (7172) 36-39-19

Өндірістік-техникалық бөлімі +7 (7172) 36-23-99

Тіршілікті  қамтамасыз ету бөлімі +7 (7172) 36-34-07

Ішкі саясат бөлімі +7 (7172) 36-11-26

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі +7 (7172) 36-39-27

Қаржы-шаруашылық бөлімі +7 (7172) 36-40-71

Абаттандыру бөлімі +7 (7172) 35-03-01

Әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік бөлімі +7 (7172) 35-02-84

Инфрақұрылым бөлімі +7 (7172) 35-45-27

Факс: +7 (7172) 36-27-01

 

 Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша анықтама

 

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті бюджет арқылы қаржыланатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

Аппарат қызметінің басымдылық бағыттары болып келесі табылады: азаматтардың үндеулерін, өтініштерін, шағымдарын қарастыру, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолдану, бюджетке салықтың және басқа міндетті төлемдердің жинауына көмек көрсету, бағдарламалар әкімшілері болып аппарат табылатын бюджеттік бағдарламаларды сәйкес мәслихатпен бекіту үшін заңнамаға сәйкес әзірлеу және жоғары тұрған әкімдікке енгізу.

 

Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің акттерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық акттерінің орындалуына, өз құзыретінің шегінде кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмек көрсету.әскери жалпыға бірдей міндеттері және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

 

Тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аз қамсыздандырылған тұлғаларды табу. Еңбекке жарамсыз адамдарды жұмыспен қамту бойынша, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныс жасау, жұмысқа жарамсыз адамдарға және қарттарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

 

Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көмек көрсету, өзін-өзі басқару органдармен әрекет жасау, жергілікті бюджетті бекітуге (нақтылауға) қала мәслихаты сессиясы жұмысына қатысу. Мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау және көмек көрсету, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгаландыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, туыссыздарды жерлеуді ұйымдастыру, зираттар және басқа жерлеу орындарын тиісті қалпында сақтау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Бірінші басшы туралы мәлімет

 

Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі – Сапар Қайратұлы Ахметов, 1965 жылдың 27 қазанында дүниеге келді.  1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп «инженер-құрылысшы» біліктілігін алды. 2001 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, «экономист-финансист» деген біліктілік алды. 2009 жылы саясат ғылымдары кандидатының ғылыми дәрежесін алды. Еңбек жолын 1990 жылы Марьевканың №5 «Петропавловсксельстрой» жылжымалы мехколоннаның тас қашаушысы, құрылыс бөлімшесінің ұстасы болып бастады. 1993 жылдың қаңтар айы мен 1996 жылдың қараша айы аралығында Петропавл қаласы «Ғимарат» өндірістік-коммерциялық фирманың коммерциялық директоры.  1997 жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола Арнайы Экономикалық Зонаның ғылыми-техникалық дамытуына және аумақ құрылыс ошағы бойынша бөлімінің 1 санатты маманы. 1997 жылдың мамыр айынан «Ақмола жылжымайтын мүлік» күрделі құрылыс басқармасының техникалық қадағалау бойынша инженері қызметін атқарды. 1998 жылдың қаңтар айынан Ақмола қаласы әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімінің жетекші маманы кейін бас маманы қызметін атқарды, Астана қаласы әкімі аппартының экономикалық реформалар бөлімінің консультанты болды, Астана қаласының әкімі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды, Астана қаласы әкімі аппаратының сыртқы экономикалық байланыс және туризмді дамыту бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы әкімі аппаратының экономикалық анализ және сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі болды.   2002 жылдың сәуір айынан Астана қаласының сыртқы экономикалық байланыс Комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2002 жылдың қараша айынан Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдың сәуір айынан Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі болып тағайындалды. 2007 жылдың қыркүйек айынан Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2008 жылдың 7 сәуірінен осы уақытқа дейін Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі. 
Еңбек атқарған кезеңде «Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдарімен марапатталған.

 

 

Азаматтарды қабылдау кестесі

 

Басшының аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау уақыты

1

Ахметов СапарҚайратұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданың әкімі

Бейсенбі
16.00-18.00

2

Қуатбеков Әліхан Жұмаханұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары

Сәрсенбі
16.00-18.00

3

Айманбетов Маулен Зарлықұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары

Жұма
16.00-18.00

4

Рыспеков Тусуп Жетенұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары

Дүйсенбі
16.00-18.00

5

Махиня Юрий Васильевич

Астана қаласы "Алматы" әкімі аппаратының басшысы

Сейсенбі
16.00-18.00

 

 «Алматы» ауданы әкімі аппаратының құрылымы

 

Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі – Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасында еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес кадрлар мәселелерін, кадрлардың конкурстық таңдауы, лауазымдардың орнын басу, аттестациялау, оқыту және кадр резервін дайындау мәселелерін шешеді. Кіріс және шығыс құжаттармен жұмыс істеу формалардын жетілдіруін жасайды.

Бастығы - Жағыпаров Ербол Төлеуұлы

 

Өндірістік –техникалық бөлім – ауданның ағымды күтуі бойынша болашақты іс-шараларды әзірлейді.Технико-экономикалық негіздеудің және есептердің әзірлеуіне қатысады. «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының барлық жұмыс және қызмет түрлері бойынша жаңа нормативтік өзгерістерді енгізуге бақылау жасау, мердігерлік ұйымдармен жасалатын жұмысқа бақылау жасау.

Бастығы - Мұқанов Әсет Дінисламұлы

 

Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі – ауданның қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін барлық басшылық ететін меншік нысандарының нақты тоқтайсыз жұмысына көмек көрсету, қысқа дайындық бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау жасау. ПИК, ОИК,ТҚК және ӨК-термен халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша үнемі жұмысты жүргізеді.

Бастығы - Өтенов Алдажар Көшербайұлы

 

Ішкі саясат бөлімі – білім, көші-қон, демография, дене шынықтыру және спорт, отбасы және әйелдер, мемлекеттік тілді дамыту; халықтың адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу саласында мемлекеттік саясаттын орындалуын атқарады бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекет жасайды, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік символиканы қолдануға бақылау жасайды, ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізуін ұйымдастырады, кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмысқа қатысады.

Бастығы - Сейсембаева Меруерт Қабдырашитқызы

 

Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі -  бекітілген бюджетімен қоса  бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес  бюджеттік тапсырыстарды жасайды; бағдарламалар және ерекшіліктер бойынша жылдық  қаржыландыру жоспарын жасайды, уәкілдік органдарына бекітуын және тапсыруын қамтамасыз етеді; бюджеттік бағдарламалар бойынша паспорттарды бекітеді; бюджет жобасын бекітуіне құжаттар дайындайды; қаржылық жоспардың өзгертуіне анықтамалармен тапсырыстарды дайындайды; мемлекеттік сатып алу жоспарын құрады; конкурстық құжаттарды жасайды; жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуын ұйымдастырады және өткізеді;  сатып алатын жұмыстардың, тауарлардың және қызметтердің  көлемдерін және тізімдемелерін құрады; мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг жасайды.

Бастығы - Бекішев Бақытжан Фазылұлы

 

Қаржы-шаруашылық бөлімі – міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарға және бекітілген бюджеттік бағдарламалар паспортарына сәйкес бюджеттік қаражаттын рационалды, экономды, мақсатты пайдалануына есеп және бақылау жүргізеді. Астана қаласы «Алматы» ауданының мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстау үшін жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты және нақты трансферттердің, субсидийлердің есебін және бақылауын жүргізеді.Бекітілген бюджетті есепке ала отырып бірінғай бюджеттік классификацияның негізінде бюджеттік тапсырыстарды жасайды.

Бастығы - Жылқайдарова Динара Әшімқызы

 

Абаттандыру бөлімі – қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «Абаттандыру, санитарлық жағдай, аумақты жинау және тазалықты қамтамасыз ету ережелері туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген және жақын орналасқан аумақты санитарлық күту мәселелері бойынша ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастырады. Қала аумағында жол, тротуарлардың, газондардың және басқа қала шаруашылығы элеметтерінің жұмыс өндірісі тәртібінің сақталуына бақылау жасау.

Бастығы - Балтабеков Сәкен Елемесұлы

 

Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімі – денсаулық сақтау ұйымдарымен, санитарлы-эпидемиялық қадағалау, шағын бизнес мәселелерінде қоғамдық тәртіпті қорғау, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде материалды-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әрекет етуді қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Бастығы - Милишихина Светлана Ивановна

 

Инфрақұрылым бөлімі – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылыс , өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындармен әрекет жасайды.

Бастығы - Есмағамбетов Ғабдұл Мнираұлы

 

 


 

«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламаларының паспорттары