Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. Тел: 8 (7172) 55 64 91.
Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат
Астана қаласы Сарыарқа ауданы Әкімі Аппараты (әрі қарай - Аппарат) әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аппарат қызметінің негізгі мақсаты – Астана қаласы Сарыарқа ауданы аумағының мүддесі мен тұтынымына сәйкес атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізу.
Аппарат қызметінің басым бағыттары мыналар:
· Азаматтардың арыз - шағым, өтініштерін қарастыру;
· Азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау бойынша шара қолдану;
· Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
· Заңнамаға сәйкес, жоғары тұрған Әкімдікке Мәслихаттың бекітуіне арналған, әкімгері Аппарат болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, өзгерістер енгізу;
· Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының нормаларын, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына, өз құзіреті шеңберінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмектесу;
· Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі мәселелер бойынша заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
· Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
· Аз қамтылған тұлғаларды анықтап, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу;
· Жалғызбасты қарт адамдар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
· Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына қолғабыс ету;
· Жергілікті өзін-өзі басқару органымен өзара іс-қимыл жасасып, жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық мәслихат сессиясының жұмысына қатысу;
· Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетіп, жәрдемдесу;
· Тұрғылықты жерлерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;
· Ұрпақсыз адамдарды жерлеуді және зираттарды немесе басқа да жерлеу орындарын күту бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
"Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары - басып шығару
САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӨЛҚҰЖАТЫ
ЖАЛПЫЛАМА МӘЛІМЕТТЕР
· Сарыарқа ауданы 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің № 3942 Жарлығымен құрылды.
· Аудан 24 757 га аумақты алып жатыр
· Ауданның санитарлық қорғау аймағының көлемі – 4 586 га
ХАЛҚЫ
· Аудан халқының саны – 280 500 адам (27. 11. 2007 жылғы мәлімет бойынша)
КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Аудан аумағында барлығы:
· Пәтер иелері кооперативтері мен өндірістік кооперативтер – 107
· Көппәтерлі тұрғын үйлер – 793
· Лифтілер – 188
· Газдандырғыш қондырғылар – 152
· Қосылған үйлер – 468
· Жылу қазандығы – 6
ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨНДІРІС
«Сарыарқа» ауданының кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 48263,0 млн. теңгенің (46,8%) өнімін (тауарлардың, қызметтердің) өндірді.
Тұтастай алғанда аудан бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсуі 2006-жылдың деңгейіне қарай 28,6 пайызды құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
2007- жылы аудан бойынша негізгі капитал инвестициясының көлемі 186883,0 млн. теңгені құрады, сонымен қатар ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу және құрылыс бойынша жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға өсіп, 146192,4 млн. теңгені құрады.
Ауданның тұрғын үй құрылысына 52561,0 млн. теңгенің инвестициясы тартылды. Жалпы көлемі 695400 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді (2006-жылға қарағанда 2,5 есе көп).
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
· Жолаушылар тасымалын 13 автокөлік кәсіпорыны, оның ішінде 2 мемлекеттік және 11 жеке кәсіпорын жүзеге асырады.
· Бағытты көлік құралдарының жалпы көлемі – 1043 әртүрлі маркадағы көлік құралдары, 30 троллейбус (2 бағыт), 415 шағын көлемді автобустар (19 бағыт).
· Таксомотрлық қызмет көрсететін кәсіпорындар – 5 бірлік.
· ЖМҚС – 26, оның ішінде төртеуі газды.
БІЛІМ
· Білім беру мекемелерінің саны – 72, оның ішінде:
· Жалпы білім беретін мектептер – 31;
· Мектепке дейінгі мекемелер – 19;
· Орта – 27 (27 628 оқушы);
· Кешкі ауысым мектебі – 1;
· Арнайы түзеу мектеп-интернаты - 1;
· Балалардың көркемдік мектебі - 1;
· Балалар саз мектебі - 1;
· Кәсіптік мектептер – 2 (769 оқушы);
· Орта кәсіптік (колледждер) – 9 (11 321 оқушы);
· Жоғары – 7 (26 488 студент).
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
· 2007-жылғы мәлімет бойынша 192 аз қамтылған отбасыға (546 адам, оның ішінде 327 бала, 8 студент, 12 мүгедек, 34 жұмыссыз) атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
· Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар – 5 684 адам, оның ішінде:
· 1, 2, 3-топтардағы мүгедектер – 3 368 адам
· Асыраушысынан айырылғандар – 2 316 адам
· Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелгендер – 3 500 адам, оның ішінде:
· жұмыспен қамтылғандары – 1 700 адам;
· оқуға жіберілгендері – 800 адам;
· қоғамдық жұмысқа жіберілгендері – 1000 адам.
· Зейнеткерлер – 14 200, оның ішінде:
· ҰОС мүгедектері – 96;
· Көп балалы аналар – 480;
· ҰОС қатысқандар – 235;
· Мүгедектерге теңестірілгендер – 109;
· Чернобыль апатынан зардап шеккендер – 206;
· Оңалтылғандар – 203;
· Ауған соғысының ардагерлері – 258;
· Мүгедек балалар – 80;
· Жетім балалар – 176;
· Жалғызбасты қарт адамдар – 148.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
- Медициналық мекемелер – 24, оның ішінде:
- 3 аурухана;
- 3 емхана;
- № 1, № 3 перзентхана;
- 2 ОДА;
- Қалалық жедел медициналық жәрдем бекеті;
- Қан орталығы;
- Дерматология және ЖЖБА орталығы;
- Санитарлық-эпидемиологиялық бекет;
- «Денсаулық үйі» ЖШС;
- «Дента КВК» ЖШС және басқалар.
САУДА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
· Компьютерлік клубтар – 4
· Қонақ үйлер – 26
· Қоғамдық моншалар мен сауналар – 17
· Химиялық тазалау орындары – 8
· Киім тігетін ателье – 16
· Аяқ киім жөндейтін шеберхана – 22
Аудандық салық комитетінің төлемдер мен салық жинау жөніндегі болжам-жоспары республикалық бюджет бойынша 100 пайызға (107,8 млрд теңге), жергілікті бюджет бойынша 101 пайызға (32,0 млрд теңге) орындалды.
Тіркелген заңды тұлғалардың қазіргі күні әрекет ететіні – 7 933, олардың ішінде:
· шаруашылық серіктестіктер – 4958
· акционерлік қоғамдар – 263
· мемлекеттік – 138
· өндірістік кооперативтер – 99
· басқалар – 2475
Аудандағы шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері
Аудан бойынша 9 614 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, олардың жұмыс жасайтындары – 6 381, белсенділері – 2 572, жұмыспен қамтылған адамдар саны – 29, 9 мың.
Мемлекеттік мекеменің құрылымы
Ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмыстары бөлімі – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық және өкімдік актілерінің орындалуын бақылау мен тексеру аясындағы жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді, регламенттік және кешендік сипаттағы шараларды әзірлеу, жұмысты жоспарлау мәселелері бойынша аудан Әкімі қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етіп, атқарушы органның кадрлық саясатын «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Конкурстық іріктеуді және лауазымға тағайындау, аттестация, кадрларды ауыстыру мен оқыту, регламенттік іс-шараларды (коллегиялық және кеңестік-жиналыстық органдардың жиналысын) өткізуді ұйымдастыру мен дайындауды жүзеге асырады.
Бөлім бастығы – Нұрмұхан Хайкенұлы Шаймұханов, тел.: 55-66-04
Қаржы-шаруашылық бөлімі – Бухгалтерлік есепті жүргізеді, қаржылық органдарға тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді тапсырады, Әкім Аппаратын ұстау шығынының сметасын жасауды және оны орындауды бақылайды, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын жасайды.
Бөлім бастығы – Гүлмира Қуандыққызы Шериязданова,
тел.: 55-65-97
Мониторинг және мемлекеттік сатып алу бөлімі – Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстар ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды басқа да тәсілдермен жүзеге асырады (бір көзден, баға ұсынысы сұранымын пайдалану арқылы жеткізушіні таңдау, жабық конкурс, ашық тауар биржалары арқылы). Мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүзеге асырады. Қаржы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді ұсынады. Мемлекеттік сатып алуға қатысты сот процестеріне қатысады.
Бөлім бастығы – Нұрлан Диниқұлұлы Сманов, тел.: 55-66-14.
Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімі – Өз құзіреті шегінде денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар, еңбек және әлеуметтік қорғау, туризм және спорт, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелер және ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасады. Аудан аумағында сауда және сервистік қызмет көрсету сапасын бақылайды. Қоғамдық-саяси, мәдени-спорттық шараларды өткізу мен дайындауда аудандық ведомстволардың қызметін үйлестіреді.
Бөлім бастығы – Алтын Сұннатқызы Ерубаева, тел.: 55-66-00
Ішкі саясат бөлімі – БАҚ-пен, қоғамдық-саяси партиялармен, діни және үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен байланыс орнатады. Қоғамдық келісім, қоғамдық-саяси ақпарат, тілдерді дамыту, демография мен көші-қон саласындағы кешенді іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және олардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.
Бөлім бастығы – Арайлым Тлеуханқызы Елімсарина, тел.: 55-65-92
Өмір тіршілігін қамтамасыз ету бөлімі – Энергетика, коммуникация, коммуналдық шаруашылық қызметтерімен, тұрғын үй басқармасмен, өзара іс-қимыл жасасады, өкілетті қызметтермен бірлесіп, тұрғын үй бөлмелерінің пайдалануға берілуін, инженерлік коммуникациялар мен желілерді, тұрғын үй қорының ұсталуы мен жөнделуін бақылауды жүзеге асырады, ПИК, БИК, ТҚК-лармен тұрғын үй қорына қызмет ету мәселесі бойынша байланыс орнатады.
Бөлім бастығы – Серік Рахымжанұлы Төлепов, тел.: 55-66-06.
Инфрақұрылым бөлімі – Қалалық энергетика, сәулет-құрылыс бақылау, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай қызметтерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, құрылыс ұйымдарымен және өзге де аудан инфрақұрылымының қожайын субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасады. Су мен отын, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануда өкілетті қызметтерге көмектеседі.
Бөлім бастығы – Сарыбай Насыпұлы Оразғұлов, тел.: 55-65-91
Өндірістік-техникалық бөлім – Аудан аумағын ағымдағы тазалаудың келешек және ағымдағы жоспарын даярлайды, техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді әзірлеуге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, ауданды ағымдағы тазалау жұмыстарына конкурстық мәлімдемелер дайындауға қатысады, бірқатар ұйымдардың жұмыстарына бақылау жүргізеді.
Бөлім бастығының міндетін атқарушы – Аманжол Ахметжанұлы Рамазанов, тел.: 55-66-16
Абаттандыру бөлімі – «Астана қаласын көгалдандыру, санитарлық тазалау, абаттандыру Ережесінің», «Қала аумағында қалалық шаруашылық элементтерінің, гүлзарлардың, жаяу жолдардың, жол төсеніштерінің және басқа да нысандардың бүлінуіне байланысты жұмыс өндірісі Тәртібінің» сақталуын қадағалайды. ҚТҚ мен қоқыс шығару, тазалау, қыс мезгілінде қар шығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын бақылайды.
Бөлім бастығы – Берік Жолмұханұлы Төребеков, тел.: 55-66-10
Аймақтық бағдарламалар:
Сарыарқа ауданы Әкімінің Аппараты мына бағыттағы бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:
· Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
· Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру;
· Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
· Ұрпақсыз адамдарды жерлеу және жерлеу орындарын күтіп ұстау;
· Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
· Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
Сарыарқа ауданы Әкімінің Аппараты бірқатар бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырады.
«Сарыарқа ауданының аулалары» бағдарламасының мақсаты – аулалардың инфрақұрылымын дамыту, кешенді абаттандыру, аула аумақтарын көгалдандыру, аудан аулалары мен шеттерінің сыртқы безендірілуіне арнап жаңа элементтер жасап шығару және қазіргі бар элементтерді тәртіпке келтіру, бағдарламаны жүзеге асыруға жұртшылықты, ПИК, БИК және Сарыарқа ауданы аумағындағы меншіктің барлық түрінің кәсіпорындарын барынша тарту, ауданның шет жағын жылумен, сумен, электр жабдығымен қамтамасыз ету.
«Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту» Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша жұмыстар жүргізіліп, шағын бизнесті жүзеге асыру мүмкіндігі ұсынылды, аудандық кәсіпкерлер Кеңесі құрылды.
«Мүгедектерді оңалту» Бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аумақтық Орталықты ұйымдастыруға көмек көрсетіледі, психологиялық, медициналық-педагогикалық кеңес бөлмелері ұйымдастырылып, мүгедек балалардың көркем туындылары мен суреттерінің конкурсы, барлық санаттағы мүгедектер арасында спорт сайыстары өткізіледі.
«Астана жастары» аймақтық жастар саясаты Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде болашақтың кадрлық саясатына, аймақтағы адам ресурсының дамуына көп көңіл бөлінеді. Жастар саясатын жүзеге асыру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, жастар бастамасын қолдау, жастар ортасында әлеуметтік әділеттілікті сақтау бойынша істер атқарылады. Ауданда жастардың бос уақытын ұйымдастыратын 5 жастар клубы құрылды, 2002-жылдан бері жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттері құрамынан полицияның шұғыл көмекші отрядтары жасақталған.
«Астана – есірткісіз қала» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандық спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден, хоккейден, қол добынан, шағын-футболдан, кір тасын көтеруден, суда жүзуден спорт шаралары тұрақты түрде өтіп тұрады. АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары әсіресе жастар арасында жиі жүргізіледі.