Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтар арман қуып елордаға келеді. Олардың басым бөлігі осы жерде ғашық болып, отбасын құрып, ұрпағын жалғастыруға бел буған жастар. Астана қай жағынан алсақ та, жас қала. Сол себепті балалардың сәтті білім алып, тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына барынша ыңғайлы жағдайлар жасау қалалық биліктің басым бағытты міндеттерінің бірі. Бүгінгі күні елордада 177 білім беру нысаны бар: 38 мемлекеттік және 15 жеке балабақша, 64 мемлекеттік және 12 жеке мектеп, 5 кәсіби техникалық училище, 5 мемлекеттік және 22 мемлекеттік емес колледж, 1 кешкі мектеп, 1 балалар үйі, 1 арнайы түзету мектеп-интернаты және 14 қосымша білім беру мекемесі.