http://kz.astana.kz
Басты arrow Астана экономикасы arrow Мемлекеттік сатып алу arrow Жалпы мәлімет
Жалпы мәлімет  

management-of-the-state-pur.png

Кез келген компанияның жақсы қызмет етуі үшін белгілі тауарлар, жұмыстар мен қызметтер қажет. Алайда жеке бизнеспен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялардың бюджеттік қаржыны қолдануы заңмен қатаң қадағаланады.

      Мемлекеттік сатып алуды іске асырудың бірнеше әдістері бар. Көп жағдайларда ашық немесе жабық байқаулар өткізіледі. Соңғысының айырмашылығына тоқталар болсақ, оның нормаларының күшіне мемлекеттік құпияға жататын тауарлар мен қызметтер енеді.

      Егер ашық немесе жабық байқауларды өткізу барысында біртекті емес тауарларды сатып алу жүргізілсе, ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді лотоларға бөлуге құқылы. Бұл қағида сондай-ақ жеткізу орындары бойынша лотоларға бөлінетін біртекті тауарларға қатысты айтылған жағдайда да өз күшіне енеді. Ал егер байқауға ұқсас тауарлардың бірнеше түрлері қатысса, онда олар түрлер ұқсастығы негізінде лотоларға бөлінеді.

      Мұнымен қоса, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің нақты спецификациясын құру немесе олардың техникалық және өзге де мінездемесін анықтау қиындаған жағдайда байқау екі кезеңді процедураларды қолдану арқылы өткізілуі мүмкін. Ол үшін әлеуетті жабдықтаушылардан ұсыныстар сұратылуы немесе пайда болған сауалдар бойынша алдын-ала келіссөздер жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер, тәжірибелер, іздетулер мен зерттемелер өткізу қажеттілігі туындауы мүмкін.

      Келесі тәсіл бағалық ұсыныстарды сұрату болып табылады. Бұл норма тапсырыс берушіні баға қызықтырса және мемлекеттік сатып алу құны 4 000 АЕК-тен (сәйкес қаржылық жылға мемлекеттік бюджет бекіткен айлық есептік көрсеткіш) аспаған жағдайда іске асады. Бірақ бұл тәсілдің тағы бір шектеуі бар. Оны қолдану үшін қаржылық жыл бойы белгілі тауарды, белгілі жұмыс пен қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлуге болмайды.

    Мемлекеттік сатып алудың тағы бір тәсілі – бір көзден сатып алу. Мемлекеттік қаржыны жұмсаудың бұл түрі біріздендіру немесе қолданыстағы тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бір ғана жабдықтаушыдан сатып алу қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолданылады.

      Электронды саудадан мемлекеттік сатып алу әдісі өте сирек қолданылады, бұл электронды сауда жүйелері арқылы нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін әдіс.

         Ең соңғы әдістердің бірі – тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу.

     Байқау құжаттамаларын жасау, мемлекеттік сатып алу әдістерін өткізу тәртібі, сондай-ақ әкімдік, оның құрылымды бөлімшелері мен ведомствоға қарасты кәсіпорындары жариялаған мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты төменірек оқи аласыздар.

ҚР  Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы

ҚР Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу ережесi