http://kz.astana.kz
Басты arrow Басты
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің сапары жөнінде  

Президент Н.Назарбаевтың шақыртуымен 16 қаңтарда Патриарх Кирилл Қазақстанға жұмыс сапармен келеді. Саны бойынша республикадағы екінші конфессия – Орыс Православ Шіркеуі үшін бұл маңызды айтулы оқиға. 1995 жылы Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы  Алексей II Қазақстанға келіп, Алматыдағы Қасиетті-Вознесенский кафедралды соборында ғибадат етіп, Алматы және Қарағанды қалаларында құдайға құлшылық литургиясын өткізді.  Бұл жолғы ОПШ дінбасы Патриарх Кириллдің жұмыс сапарының бағдарламасы да өзіндік айрықша маңызды болмақ.

 

 

Жаңа шіркеу – адами қарым-қатынас үйлесімінің іргетасы  

17.01.2010ж

Астанада айтулы оқиға орын алды. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл елордаға келіп, жаңадан салынған Успен кафедралды соборында ұлы тазарту жүргізді.

О баста бұл дүйсенбі күнге жоспарланған болатын. Алайда, тұмшалаған қалың тұман  Қазақстанға келген патриарх ұшағының Алматыға қонуына мүмкіндік бермеді.

- Өзімнің алғашқы патриарлық қызмет жылымда Қазақстан жеріне келуім мен үшін үлкен қуаныш. Бағдарламаның өзгеруі құдайдың солай қалауынан болса керек. Біз Қазақстанға келгенде алдымен Алматыға, сосын дүйсенбі күні Астанаға келіп, жаңа кафедралды соборда тазарту жүргізуді ұйғарған едік. Бірақ Жаратқан иеміз біздің ұшағымызды Астанаға бұрды. Біз қазақстандық жердегі өз сапарымызды оның жаңа елордасынан бастап, өзіндік маңызы зор оқиға – мына керемет соборды тазартудан бастап отырмыз, - деді Патриарх Кирилл.

Өзінің барлық тарихында біздің елімізде Орыс Православиелік Шіркеу басшысы – Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Алексий II 1995 жылы болды.

Соңғы екі он жылдықта Орталық Азияда мұндай бірде бір кафедралды собор тұрғызылған жоқ. Успен кафедралды соборының құрылысы 2005 жылы басталған болатын. 2009 жылдың тамыз айында Қазақстан митрополит округінің митрополиті Мефодий жаңа шіркеу күмбездері мен крестеріне тазарту рәсімін жасады.  Міне, содан кейін 2010 жылғы 17 қаңтарда Астанаға соборға тазарту жүргізу үшін Патриарх Кирилл келді. Рәсім біткен соң, Патриарх Кирилл жаңа тазартылған соборда құдайға құлшылық ету литургиясын жүргізіп, келушілерге сөз сөйледі.

- Біз жаңа шіркеу тұрғызған кезде, адами және қоғамдық қарым-қатынас үйлесімінің іргетасын қалаймыз.  Рухани өмірімізді дамыту арқылы біз өзіміздің салауатты қоғамдық өмірімізді қалыптастырамыз, - деді Патриарх Кирилл.

Осылайша Патриарх осы шіркеудің құрылысына ат салысқан барлық кісінің еңбегіне тоқталды. Патриарх Кириллдің айтуынша ерекше еңбек еткендерге бұл күні Орыс Православиелік Шіркеуінің жоғары наградалары табыс етілді.

Астана және Алматы Митрополиті Мефодий Әулие Серафим Саровский орденімен марапатталды. ІІ дәрежелі осы орденмен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те марапатталды. Әулие князь Даниил Московский орденімен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің басшысы Тимур Құлыбаев марапатталды. Осы орденмен «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық темір жол компаниясының президенті Асқар Мамин және Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун марапатталды. Шіркеуді тұрғызуға үлес қосқаны үшін патриарх Астана қалалық құрылыс басқармасының бастығы Владимир Лютовқа естелік грамота тапсырды.

Сондай-ақ, Патриарх Кирилл дүйсенбі күні еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «собор салғаны үшін алғыс ретінде және Қазақстандағы барлық сенушілерге, соның ішінде православтықтарға деген кеңпейіл қарым-қатынасы үшін» Орыс Православиелік Шіркеуінің ең жоғары наградаларының бірін тапсыратындығын  жеткізді.

Әулие патриарх Кирилл  шіркеуге Қазандық Құдай Ана иконын тарту етіп, барлық келушілерді осы иконға мінәжат етуге шақырды.

Патриарх әрбір қатысушыға кішкентай мерекелік икондар таратты.

-Осылайша, сіздердің әрқайсыңызбен рухани байланыс болсын арамызда. Сіздер патриархты еске алатын боласыздар, ал мен сіздерді есіме аламын. Біздің православиелік шіркеу де осындай ішкі байланысымыз болуы тиіс.

Успен кафедралды соборының ашылуында сөз сөйлеген И.Тасмағамбетов Патриарх Кирилл мен келушілерге қарап:

«Әрбір адам жаратушы құдіреттің бар екендігін сезінеді. Әрбір конфессия шіркеуі кез келген конфессияның осы жаратушы құдіретті сезініп, түйсінуіне мүмкіндік береді. Жоғары мәртебелі Патриарх бүгінгі күні осы шіркеуді салтанатты түрде ашуыңыз осы жаңадан есік ашқан шіркеуге рухани бағыт береді және қасиетті орын мәртебесін берді. Меніңше, осы шіркеуге келген әр адам, көптеген келушілер құдайға жақын болып, тазарып шығады»

«Дінаралық төзімділік пен келісім, өзгелермен ортақ тіл табысуға, яғни диалогқа деген ұмтылыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елде жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі.  Успен соборының құрылысы Президенттің тапсырмасымен және оның тікелей қатысуымен жүрді. Осының өзі Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің мәңгі сақталатындығын көрсетсе керек.

Сіздің сапарыңыз біздің елорданың рухани өмірінде ұмытылмас оқиға болмақ. Православ әлемінің басшысы Сіз Жер бетіндегі сенім мен өзара түсіністіктің нығаюына баға жетпес үлес қосып келесіз»,-деді Астана әкімі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша И.Тасмағамбетов Патриархтың Қазақстан елордасына келген сапарына орай естелік ретінде құдай ана бейнесіндегі XVIII ғасырдың бірегей иконын табыс етті.

Өз кезегінде митрополит Мефодий Қазақстандық пасттар атынан Патриархқа қарағандылық әулие Севастиан иконын тарту етті. Осымен ресми бөлім аяқталды. Алайда Успен соборы құрылысының тарихы мұнымен бітпейді. Күмбез шіркеу фрескасымен әлі қапталмаған. Шіркеуді безендіру үшін әлі де біршама уақыт қажет. Сондықтан жаңа шіркеу игілігі үшін еңбек еткісі келетіндер игі істің қасынан табыла алады.