Бас қаламыздың медициналық қызмет көрсету саласы елордалық беделге сай келуі тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамаларында сан рет айтылған бұл ой іске асырыла бастады. Астанада соңғы техникалық құралдармен жабдықталған жаңа орталықтарды бір арнаға біріктіретін медициналық кластер тұрғызылуда. Көптеген ауруханалар мен емханалар бірегей қондырғылармен жасақталып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесін толықтай өзгерістер күтуде.