http://kz.astana.kz
Ауа райын болжау
Астана
31/07 Сн
күн
http://kz.astana.kz29..31 °C
733 мм
СШ, 2-4м/с
01/08 Жк
кеш
http://kz.astana.kz17..19 °C
732 мм
ОШ, 0-2м/с
 
Басты arrow Астана тұрғындарына arrow Астана құрылысы  arrow Үлестік құрылыс
Үлестік ренессанс  

 

13.11.2008 ж.


Елордалық үлескерлер кезекті қоныс тойын атап өтуде. Сол жағалаудың қақ ортасында «Новый мир» тұрғын үй кешенінің екінші ғимаратының кілттері табысталды. Жоба жеке инвесторлардың қаражатына тұрғызылған. Салтанатты рәсімді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов ашты.  Қала басшысы ипотекалық дағдарысқа ұшыраған пәтер иелерін көптен күткен мерекелерімен құттықтады. Себебі қоныс тойлаушылары өз баспаналарын белгіленген мерзімнен жарты жылға кеш алған. Дер кезінде келген мемлекеттік көмектің арқасында құрылыс салушы көп қабатты нысанды тұрғызды. «Астана-недвижимость» АҚ «Қазына» қоры бөлген қаржыны Еуразиялық банктың кредиттік желісі арқылы өз есебіне көшірді. Сондай-ақ компания қосымша қаржыны қазақстандық қор биржасынан тартты. Әкім ғимаратты сыртынан қарап, су жаңа пәтерлерге де көтерілді. 

 

Үлескерлік үміт  


25.10.2008 ж.

Астанада алданып қалған үлескерлер мәселесі шұғыл шешілу үстінде. Тиісті түрде ипотекалық несиелерін өтей отырып, өз пәтерлеріне қолдары жете алмағандарға мемлекет барынша қолдау көрсетіп жатыр. Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік қазынаның қаражатына салынып жатқан ұзақ мерзімді құрылыстың аяғы көрінетін сияқты. Тұрғын үйді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия нысандардағы жұмыс қарқынын күнделікті бақылауға алған.