http://kz.astana.kz
Ауа райын болжау
Астана
03/09 Жм
түн
http://kz.astana.kz2..4 °C
744 мм
СШ, 2-4м/с
03/09 Жм
ерте
http://kz.astana.kz10..12 °C
745 мм
СШ, 4-6м/с
 
Басты arrow Астана әкімдігі arrow Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет көрсету  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 Қаулысы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы"


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы"


Мемлекеттік органдардың жеткізген қызметтерінің толық тізімі - ары қарай

 

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі

 

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган Мемлекеттік қызметтердің атауы
       Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 1. Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу
2. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
3. Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу

4. Мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу

5. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау

6. Тұрғын үй көмегін тағайындау.

7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу

8. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу

 9. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу

10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

 11. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
Тұрғын үй басқармасы 12. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
       Білім басқармасы 13. Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау

14. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою

 15. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу

16. Жетімдерді, ата-насының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу

17. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

 18. Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру

19. Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру

 20. Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру

 21. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру
Ішкі саясат басқармасы

22. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою

23. Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою
 Жер қатынастары басқармасы

24. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу

25. Барлауға, өндіруге және бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу

26. Жер учаскесіне жекеменшік құқығына арналған актілерді ресімдеу

27. Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу

28. Уақытша: өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу

29. Уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу
 Мәдениет басқармасы 30. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру
 Денсаулық басқармасы

31. Қайтыс болуы туралы анықтама беру.

 

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі - басып шығару