http://kz.astana.kz
Ауа райын болжау
Астана
31/07 Сн
күн
http://kz.astana.kz29..31 °C
733 мм
СШ, 2-4м/с
01/08 Жк
кеш
http://kz.astana.kz17..19 °C
732 мм
ОШ, 0-2м/с
 
Басты arrow Астана тұрғындарына arrow Менің қалам arrow Астана қонақтары елорда туралы
Астана қонақтары елорда туралы


05.07.2009 ж.

Стефан Данбар-Джонсон, «International Herald Tribune» газетінің баспагері:

«Астанада болып жатқанды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен бұл қалада жылына немесе бір жарым жылда бір рет болып тұрамын, келген сайын оның даму қарқынына қызығып кетемін. Қысқа мерзім ішінде жазық даланың орнында заманауи мегаполис тұрғызылды».


01.07.2009 ж.

Зинэтула Билялетдинов, Олимпиада ойындарының чемпионы, Құрлықтық хоккей лигасында Гагарин Кубогын жеңіп алған «Ақ Барыс» (Қазан) командасының бас бапкері:

«Маған Астана өте қатты ұнады, оның үстіне мұнда «Барыс» командаларыңыз ойнайды. Бұл команданың болашағы зор, оның ойыншылары да жақсы сұрыпталған, олардан үлкен үміт күтуге болады».


01.07.2009 ж.

Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Пер Стиг Мёллер:

«Осы жерде көргенім, менің ойымда үлкен әсер қалдырды. Мұншалықты қысқа мерзімде қала салу, жай ғана қала емес, ел астанасын тұрғызу мүмкін емес».


01.07.2009 ж.

Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Лула да Силва:

«Еліңіздің халқына және Елордаңыздың тұрғындарына айтарым, экономикалық дағдарыс жүректерде ұялаған үміт отын сөндіре алмайды. Қазақстанның орасан зор мүмкіндіктері бар, оған  Сіздердің жаңадан тұрғызған әсем астаналарыңыз дәлел».


21.06.2009 ж.

Астана - қарқынды даму көрсеткіші
Жан Кретьен, 1990-2003 жж Канада премьер-министрі:

 

«Мен 1990 жылы Канаданың премьер-министрі болатынмын. Ол кезде Сіздердің еліңіз өз тәуелсіздігін алды. Мен онда сіздердің президенттеріңізбен кездескен ең алғашқы көшбасшының бірімін. Екеуміздің де ой-пікіріміз сәйкес келетін. Өзімнің жеке басымның қызығушылығын тудырғаны екі елдің ұқсастығы. Жылдар бойы қалада болып жатқан оқиғалар менің назарымнан тыс қалмайды. Бүгінгі Астана – бүгінгі бас қала 15 жыл бұрынғы кең даладағы шағын қаладан пайда болды.  Осы қаланың қарқынды өсуі мен дамуы мені әрқашан таңғалдыруда».


21.06.2009 ж.

Қазақстан елордасы - бірегей жоба
Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкас



«Сіздерді Астананың бірегей құрылысымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мен мұнда 83-85 жылдары болғанмын. Ол кезде мұндай әсем үйлер мен әдемі сарайлар болған емес және ойламаған да едік.
Астана – Қазақстанды бүкіл әлемге паш ететін ең бірегей жобалардың бірі.  Барша қазақстандықтарға Литва тұрғындары мен азаматтарының атынан игі тілектерімді жеткізгім келеді. Осы жылы сіздер Астана күнін мерекелеп жатқанда, біз Литваның мыңжылдығын тойлаймыз».


22.06.2009 ж.

Астананың болашағы бүгін қалануда
Израиль Президенті Шимон Перес


«Тарихты жетік білетіндіктен айтарым - қаланы басып алғаннан гөрі, оны салған жақсы. Қаланы жаулап алу үшін күш жұмсалады, қан төгіледі. Тартыспен табысқа жеткен жеңімпазды да ескі қаланың табиғаты, формасы мен атмосферасы жеңбей қоймайды   Ал қала құрылысымен айналыссаңыз, сіз ешкімге зиян келтірмей, керісінше жаңа мекен орнын құрасыз. Бұл жерде қантөгіс деген жоқ, жасампаздық бар.